Мысалы, әлемнің ілгері дамыған АҚШ секілді мемлекетте азаматтар DoNotPay атты "робот-заңгер" қосымшасына жүгінеді. Бұл қосымша негізінен:
– Айыппұлдарды даулауға,
– Ақша қайтаруға,
– Спамнан қорғануға,
– Сотқа шағым дайындауға көмектеседі.
"Заман түлкі болса, тазы боп шал" демекші. Қазір әлемде ЖИ-ге (Жасанды Интеллект) жаппай барлық салалардан ойып орын алуда. Осыған сай Қазақстан өзінің "Заң көмегі" атты қосымшасын даярлап, қажетті техникалық сынақтардан өтуде. Бұл жөнінде , ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли, сөзінде былай деді:
"Заң көмегі" мобильді қосымшасының негізінде азаматтарға құқықтық кеңес беруді қамтамасыз ететін жасанды интеллекті бар чат-бот әзірленді. Қазіргі уақытта сынақтан өткізіліп жатқан осы қосымшаны жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Қарапайым тілде айтқанда, әр азаматтың қалтасында (смартфонында) заң тұрғысынан көмек беретін заң консультанты болады."
Бұл қосымша алдағы уақытта қазақстандықтар үшін оңтайлы әрі iOS және Android платформаларында қолжетімді болмақ.
Автор: Марат Батырхан